Құрметті түлектер, оқушылар. Сендерге пайдалы ақпарат, мотивация беруден шаршамаймыз. Біз кезінде ҰБТ-ға дайындалып жүргенде, күн сайын осылай шабыт беретін ешкім болмады. Ал сендер бақыттысыңдар. Ендеше, шабыттың тағы бір мөлшерін бойға сіңіріп алыңдар.
- Егер адам үнемі бірдеңені дұрыс істемей, қателік жіберуден қорқатын болса, ол дәл қазір өз өміріндегі ең үлкен қателікті жасап жатқанын байқамай да қалуы мүмкін.✔️
- Өзіңнің жақсы және жаман жақтарыңды қабылдап, ішкі гармонияға ұмтыл.✔️
- Өзгелердің сен туралы ойлары мен пікірлерін әрдайым шындық деп қабылдай берме. Бәріне бірдей ұнап, жаға алмайсың. Сондықтан сен туралы негативті ойлайтын адамдардың сенің өміріңе араласуына жол берме.✔️
- Өзіңді қандайсың, сол қалпында қабылда. Сонда ғана барлық уайым, қобалжу және комплекстеріңнен айырылып, толыққанды өмір сүре аласың.✔️
- Әлем - нейтралды. Оны жақсы немесе жаман қылу - өз қолымызда. Сондықтан өзіңе де, айналаңа да қуаныш сыйлағың келсе, жан-жағыңды позитивті түрде қабылдап үйрен.✔️

App Store
Google Play