Өмірде жағымсыз заттар болып тұрады, бірақ ол келеңсіздіктерге өзіңнің көңіл-күйіңді құртуға жол берме. Егер негативті эмоциялар сені жиі мазалап жүрсе, біздің кеңестерімізге құлақ сал.
- Адамдардан тек қана артықшылық ізде. Негізі сен адамдардан қандай қасиетті бірінші байқайсың, сол қасиет сенің де бойыңда бар деседі. Мұның шын-өтірік екенін білмейміз, бірақ негативті азайту үшін, адамның бірінші жақсы жақтарын көруге тырысу керек.
- Азырақ ойлап, көбірек қимылда. Көбіміз көп ойлап кетеміз, болашақты немесе өткенді ойлаумен күндеріміз өтіп жатады. Бірақ бұл әдеттің зияны өте көп. Артық ойды ысырып таста да, іске көш.
- Ең болмағанда бір күн шағымданбай өткіз. Айналадағы заттарды, адамдарды, бастан өткен қиыншылықтар туралы неғұрлым көп шағымдансаң, соғұрлым көп негатив болады. Оның орнына, балаша қуанып үйрен, өмірге құштарлығыңды арттыр.
- Шығармашылықпен айналыс. Негативті эмоцияңды әдемі туындамаға айналдыр. Өлең жаз, сурет сал, айта берсек көп.
- Фрирайтинг технологиясы. Бұл технологияның атауы ағылшынша «free», «writing» сөздерінен құралған. Яғни тура мағынасы — еркін жазу. Парақ пен қағаз алып, ойыңда не тұр, соның бәрін жаз. Ең болмағанда бірнеше минут жаз. Осылайша негативті ойлар сейіледі.

App Store
Google Play