- Көп уәде бермеуге тырыс, ал уәде бердің бе, ұмытпай орында.
2. Сенен біреу көмек немесе кеңес сұрамаса, өз бетіңше әрекет етуге асықпа.
- Ең сәтсіз деген күннің өзінен бір жақсы нәрсе табуға болады. Сондықтан ешқашан үмітіңді үзбе.
- Ешкімді сынап, мін тақпа. Біреуді айыптағанша, алдымен өзіңді түзеуге мән бер.
- Тексерілмеген, жалған ақпарат таратудан аулақ бол. Әркімге бір сеніп, не болса соны тарата берсең, босқа өсекші атанып, қадіріңді кетіресің.
- Барлық адам құрметке лайық. Ешкім де өзін басқа біреудің басынғанын қаламайды. Сол себепті қай жерде жүрсең де, әдепті болып, этикет нормаларын сақта.
App Store
Google Play