- «Между надо и хочу» - Эль Луна
Бұл кітап өз өмірін өзгерткісі келетін адамдарға оқуға пайдалы болады. Кітаптың бір ерекшелігі - жас талғамайды, яғни кез-келген жастағы және әртүрлі мамандық пен ұлттағы адамдарға арналған.
- «Кафе на краю земли» - Джон Стрелеки
Егер сен өз-өзіңе үнемі "Менің бар қолымнан келетіні осы ғана ма?" деген сұрақты қоятын болсаң, онда бұл кітап саған сол сұрақтың жауабын табуға және өмірден не қалайтыныңды анықтауға көмектеседі.
- «О чем мечтать» - Барбара Шер
Аты айтып тұрғандай, кітап армандауға және сол арманыңды қалай орындауға болатыны жайлы білгісі келетіндерге қызықты болады.
- «Эссенциализм» - Грег МакКеон
Күнделікті бір сарынды өмірден арылып, өз-өзіне уақыт бөлгісі келетін адамдардың оқуы қажет пайдалы кітап.
- «Будь лучшей версией себя» - Дэн Вальшмид
Айналаңдағы адамдардан қолдау мен мотивация таппай жүрген болсаң, бұл кітап саған арналады.

App Store
Google Play