- Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам дегендей, қандай жағдай болса да шындықтың жағында бол.
- Өзіңді қандайсың, сол қалпында қабылда: жақсы және жаман жақтарыңмен, қателіктеріңмен, армандарыңмен және мақсаттарыңмен бірге.
- Аз сөйлеп, көп тыңда. Көпшіліктің ой-пікірін тыңдап, содан өзіңе нәтиже шығар.
- Айналаңдағы у-шудан демалу үшін тыныш жерге барып, бір уақыт ойларыңды жинақтап алуға тырыс.
- Сен барлық жағдайды бақылауда ұстай алмайсың, кей кезде саған бағынбайтын да жағдайлар болады. Сондықтан өзің барынша тырысып, қолыңнан келгеннің барлығын жаса, ал қалғанын өмірдің өзі-ақ реттейді.

App Store
Google Play