Жаздың бітуіне санаулы күндер қалды. Жаңа оқу жылына әлі дайындалмаған болсаң, мына пост сен үшін.
- Ең бастысы – ұйқы графигін түзе. Кеш жатып, кеш тұру дегенді қойып, таңертең ерте тұруға өзіңді бейімде. Қазірден түземесең, қыркүйек айында қиындықтар пайда болады.
- Күн тәртібін ретте. Бұл затқа көбісі мән бере бермейді, бірақ мұның маңызы зор. Барлық іске үлгеріп, ертеңгі күнге қалдырылмайтындай етіп жоспарла.
- Сабаққа керек-жарақтарды толығымен алып қой. Кеңсе тауарлары, киім-кешек, дәптерлер мен қосымша кітаптар.
- Осы оқу жылына қойған мақсаттарыңның тізімін жаса. Жай ғана «жақсы оқу» емес, өз алдыңа одан да жоғары мақсат қойып, соған жетуге тырыс.
- Өткен жылғы материалдарды қайталап шық. Қай сабақтан қандай ауқымды тақырыптар өтілді, қайсысы саған қиын болды, соларды шолып шық.
- Осы оқу жылында жаңадан қандай пәндер енгізілетінін сұрастыр. Білгеннен кейін, сол пәннің не жайлы екенін, нені зерттейтінін және т.б. алдын-ала біліп ал.
- Әдемі және түсінікті етіп презентация жасауды үйрен. Бұл қабілет болашақта әлі талай рет көмегін тигізеді, ал әзірше сабақта өз пайдаңа жаратып, үлгеріміңді жақсарт.
- Жыл соңындағы ҰБТ-ны жақсы тапсырып, грантқа ілігу үшін қазірден дайындықты баста. Ол үшін біздің КУРСҚА жазылып, 5 пәннен бірақ дайындал. Ал бағасын 12 айға 8 300 теңгеден бөліп төлеуге болады!

App Store
Google Play