Joo қосымшасын жүктеп ал

Орыс тілі мен әдебиеті пәндерін таңдаса қайда түсуге болады?

Орыс тілі мен әдебиеті пәндерін таңдаса қайда түсуге болады?

Осы екі пәнді таңдап, 3 түрлі мамандыққа түсе аласың. Олар: Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау; Филология; Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі.

Оқуды бітіргеннен кейін мектептерде, балабақшаларда, колледждерде мұғалім, филолог болып, кітапханаларда, архивтерде, сондай-ақ БАҚ саласында редактор болып жұмыс істеуге болады.

Осы мамандықтарды Абай атындағы ҚазҰПУ, Гумилёв атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚазҰҚПУ-де жақсы оқытады.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі орта есеппен 110 мың және одан жоғары табыс табады. Гранттар саны – 350, шектік балл – 109.

Филологтар редактор, лингвист және аудармашы болып жұмыс істей алады. Оларға сұраныс жоғары. Алайда өту балы - 121. 100 грант бөлінеді. Айына 150 мыңнан және одан жоғары ақша табуға болады. Барлығы сенің жеке қабілетіңе байланысты.

Толығырақ ақпарат және басқа мамандықтар туралы білу үшін JOO.kz қосымшасында «Мамандықтар» бөліміне өт.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз