«Бұрынырақ білгеніңде азырақ қате жіберер едім» дейтін өкініш болмас үшін оқушыларға бағалы кеңестер жиынтығы:
- Басқалардың көмегіне сенбеу керек. Тек өзіңе және өзіңнің күшіңе ғана сену керек. Сенің жағдайың тек ең жақын адамдарыңнан басқаға қызық емес.
- Денсаулық – ең қымбат нәрсе. Денсаулығыңа немқұрайлы қарауға болмайды, оны орнына келтіру өте қиын және кей жағдайларда тіпті мүмкін емес.
- Келеңсіздіктер ең күтпеген жағдайда болады, бұған әрқашан дайын болу керек.
- Университеттен алған дипломмен ғана жақсы жұмысқа тұру оңай емес. Тәжірибе жинау біраз уақытты талап етеді.
- Университеттегі сессия ҰБТ-дан әлдеқайда қиын және тез дайындалуды талап етеді.
- Барлығы сен қалағандай болмайды, бұл мүмкін емес.
- Ақша үшін ғана жұмыс істемеу керек, адамның одан басқа да мақсаттары болуы керек.

App Store
Google Play