Өз-өзін бағалау деңгейінің жоғары болуы - адамның өз-өзіне сенімді екенін білдіреді.
- Өз-өзіңді бағалаудың жоғары болуы - сенің психикалық жағдайың мен денсаулығыңның жақсы күйде болуының бірден-бір себебі. Ол саған қиын кездерде өз-өзіңді бақылауда ұстауға және негативке көп назар аудармауға көмектеседі.
- Егер сенің өзіңді бағалауың жоғары болса, демек, сен өз-өзіңді қиындықтар үшін айыптап ренжітпейсің және стресс пен қобалжуды әлдеқайда тез жеңесің.
- Өзін бағалау деңгейі жоғары адам әрдайым өзін жетілдіріп, дамытудың жолдарын қарастырып жүреді. Ал, керісінше, төмен адам өзіне деген негативті сезімдерін одан сайын күшейтіп, өзін дамытуды мүлде ойына да алмайтын болады.
- Окаяма университеті жүргізген зерттеулер нәтижесінде бала кезінен бастап, өз-өзіне позитивті көзқараспен қарап өскен адам, өмірлік қиындықтарға тез бейімделіп, оңайлықпен төтеп бере алатындығы белгілі болды. Сондай-ақ өзін жоғары бағалау әртүрлі стрессті жағдайларда салқынқандылықты сақтап, басқа адамдармен еш қиындықсыз араласуға септігін тигізеді.

App Store
Google Play