Joo қосымшасын жүктеп ал

Өзіңді аясаң, аяма!

Өзіңді аясаң, аяма!

Жеті сағат ұйықтасаң да, тағы да ұйқың кеп тұр ма? «Ұйқым қанбаса, сабаққа да дұрыс дайындала алмаймын» деп өзіңді аяп тұрған шығарсың? Жоқ, өзіңді аяма! Бетіңді мұздай сумен жуып, спорттық жаттығу жасап, дайындыққа кіріс.

Бір сағаттық дайындықтан кейін шаршап қалған сияқтысың ба? «Бүгінге осы да жетеді. Демалайын» деп өзіңді аяп қалған шығарсың? Жоқ, өзіңді аяма! Бес минут демалып ал да, ары қарай дайындықты жалғастыр.

«Ертең грант ұта алмай қалуым мүмкін. Сонда жағдайым не болмақ?» деп өзіңді аяйсың ғой. Ендеше өзіңді аямай жұмса. Оқы! Дайындал! Сылтау айтудан ұял.

Біреуді аямай жұмсасаң, ренжуі мүмкін. Ал өзіңді жұмсауға шамаң жетеді.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз