- Жан-жағыңда болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамауға тырыс. Қандай да бір мәселе туындаса, оны алғашқы болып шешуге ұмтылып, жағдайды өз қолыңа ал. Егер үнемі осындай белсенділік танытып жүретін болсаң, бірте-бірте өз өмірің үшін жауапкершілікті сезініп, өз-өзіңе деген сенімділігің арта түсетін болады.
- Қателесіп, сәтсіздікке тап болғаның үшін ұялып, қорқудың еш қажеті жоқ. Қателік жасау арқылы сен одан сабақ алып, болашақта сондай қателік жасаудың алдын-ала аласың. Сондықтан есіңде болсын: әрбір сүрінген сайын сен мықтырақ бола түсесің. Ал соңында барлық қателіктеріңнің жемісін көріп, міндетті түрде жетістікке жетесің. Сол үшін де, ешқашанда берілме!
- Өзіңе тым қатал болып, мойныңа көтере алмайтын жүк алма. Бұлай жасау арқылы сен тек өзіңнің алтын уақытыңды босқа жіберіп, өз-өзіңе деген сенімділікті төмендетіп аласың. Сол себепті, бұндай әдеттен бас тартып, барынша арылуға тырыс.
- Сен қорқатын заттардың 80-90%-ы шынайы өмірде ешқашанда орындалмайды. Себебі біздің қорқыныштарымыз жай иллюзия ғана. Сондықтан оларға бола бостан-босқа қобалжып, уайымдаудың еш қажеттілігі жоқ.
- Өзіңді бақытты сезінудің ең оңай жолы - өз-өзіңе риза болу. Өз-өзіңді жақсы көріп, үнемі өзіңе рақмет айтып отыру - лезде көңіл-күйіңді көтеріп, сенің де, өзгелердің де бақытты болуына көмектеседі. Сол үшін қандай да бір қиындыққа тап болып, қиналсаң, өзіңе жай ғана риза екеніңді айтып отыруды ұмытпа.

App Store
Google Play