- Нақты және анық жауап беру - "иә" немесе "жоқ". Егер бірнәрсе үшін сенімсіз болсаң, демек, сенің жауабың "жоқ" болуы керек.
- Артық нәрседен құтылып отыру: смартфондағы керексіз қосымшалар мен бөлмеңдегі қоқыстардан 3 ай сайын арылып отыр.
- Әр күніңді жоспарлап отыру - 24 сағатты барынша пайдалы өткізудің ең эффективті және жалғыз жолы.
- Ұйқыға кетпес бұрын және ұйқыдан оянғаннан кейін күнделікті өз мақсаттарыңды жазып, айқындап отыр.
- Күніңді ең қиын және ауыр жұмыс жасаудан бастау - саған сергектік сезімін сыйлап, қалған күніңнің максималды түрде продуктивті өтуіне мүмкіндік береді.
- Демалыс күн болсын, қарапайым күн болсын, әрдайым бір уақытта ұйқыдан тұрып үйрен.
- Продуктивті болу - 24/7 жұмыс жасап, еш демалыссыз жүруді білдірмейді. Продуктивті болу - арасында миды "өшіріп", сапалы тынығуды білдіреді. Сондықтан арасында өзіңді демалтып, ештеңе істемеудің еш әбестігі жоқ.

App Store
Google Play