- Кейде сабақ оқығың келмей, жай ғана әлеуметтік желіні ақтарып, жата бергің келетін кездер болады. Бұл - прокрастинация деп аталады.
Прокрастинацияны қалай жеңеміз?
Алдымен өзіңе 10-15 минут қана оқимын деп уәде беріп, миыңды алдауға тырыс. Кітапты ашып, оқуды бастап кеткен соң, прокрастинация өзінен өзі жоғалып кетеді. Нәтижесінде сен 10-15 минут емес, одан да көп уақыт бойы сабақ оқып, уақытыңды пайдалы өткізетін боласың.
- Істі кейінге қалдырмау үшін бірінші оның пайда болу себептерін анықтау қажет. Мысалы:
a) интернетке тек өзіңе қажет нәрсені іздеуге кіріп, нәтижесінде әртүрлі сілтемелер мен жарнамалық баннерлердің кесірінен жарты сағат уақытыңның қалай өтіп кеткенін байқамай қалдың;
b) Сабағыңды оқып, емтихандарыңа дайындалудың орнына қайта-қайта телефонға алаңдап, әйтеуір сабақ оқымаудың амалын жасайсың.
Байқағаныңдай, олардың көбі телефонмен байланысты, сондықтан сабақ оқыған кезде телефоныңды "ұшақ" режиміне қойып, жұмыс үстеліңнен алысырақ жерге қоюға тырыс.
- Зерттеулер нәтижесінде келесі күнді жатар алдында жоспарлап, қағазға жазып қою - прокрастинацияның алдын алуға көмектесетіні анықталды.

App Store
Google Play