- Егер уақытыңды маңызды емес және нәтиже бермейтін істерге жұмсай беретін болсаң, онда ешқашан ештеңеге үлгермейтін боласың. Сондықтан әр күніңді дұрыс жоспарлап, Парето заңына сәйкес уақытыңның 20%-ын 80% жағдайда нәтиже беретін істерге жұмсауға тырыс.
- Әр іске үлгеріп, уақытыңды өнімді әрі тиімді өткізгің келсе, өзің істей алатын мөлшерден артық мойныңа іс алма. Қазіргі бізге үйреншікті 8 сағаттық жұмыс күні қалай пайда болғанын білесің бе? Кезінде атақты америкалық "Ford Motor Company" атты компанияның негізін қалаушы Генри Форд жұмысшылардың өнімділігін арттыру үшін 10 сағаттық жұмыс сағатын 8 сағатқа қысқартып, аптасына 40 сағаттық жұмыс істеу ережесін енгізеді. Фордтың тәжірибесі өз жемісін беріп, тиімділігі әлі күнге дейін дәлелденіп келеді.
- Әр істі мінсіз атқаруға ұмтылып, шектен тыс перфекционализмге жол берме. Зерттеулер нәтижесінде, мінсіздікке ұмтылатын адамдардың жұмысты атқару өнімділігі төмен болып, олардың көп уақытты босқа жоғалтатыны белгілі болды.
- Күн сайын қатаң тәртіпке бағынып, жоспарға сай өмір сүру және өнімді болу - мүмкін емес. Адам ағзасы - демалып, тынығуды қажет етеді. Өнімділік пен барлық нәрсеге үлгерудің кілті де - осыда.

App Store
Google Play