Сабақ оқып шаршап кеткен шығарсыңдар? Жағдайың жетсе, бір саяхаттап қайтқанға не жетсін! Әлемнің алыс түкпіріне баруға да, жақын жерге шығуға да болады. Төменде 6 түрлі нұсқа ұсындық. Мүмкіндікті өзің қолдан жасап, достарыңмен, бауырларыңмен қыдырып қайт.
- Алматы
Алматы қаласында аралауға болатын көрікті жерлер өте көп. Медеу, Шымбұлақ, Көкжайлау, Фурманов шыңы, Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Есік көлі, ақын-жазушылардың мұражайы.
- Қарағанды
Бұл жақта не бар деп тұрған боларсыңдар? Шынайы шахтаға түсіп, мұражайын көруге болады. Ең негізгісі, КарЛАГ-қа бару. КарЛАГ-тың көлеміне тұтас Франция сыйып кететінін білесің бе? Сол жерде тұтқында болған түрлі ұлттардың зиялыларының өмірі қалай болғанын көре аласың.
- Түркістан
Бұған дейін тек Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Яссауи кешеніне баратын едік. Енді Керуенсарайды тамашалап қайтсаң болады.
- Батыс Қазақстан
Батыста не көп, әулиелердің тұрағы көп. Оған қоса, Бозжыраға барып, Марс планетасында болып қайтуға болады. Каспи теңізіне барып шомылғанға не жетсін (әрине, жазда).
- Шығыс Қазақстан
Шығыстың сұлу табиғаты, Қатон-Қарағай, Абайдың туған жері, Оралхан Бөкей өскен жерлерді көріп қайта аласың.
- Өзбекстан
Ақсақ Темірдің мұражайы, Самарқанд, Бұқара, Хиуаға барып, тарихты тамашалауға болады.

App Store
Google Play