Бүгінгі постымызда медицина ғылымының докторы, оратор, суретші және жазушы Лисса Рэнкиннің қорқыныштан арылуға көмектесетін эффективті кеңестерін ұсынамыз.
- Қорқыныштарыңнан ұялып, қысылудың еш қажеті жоқ. Керісінше, олармен бетпе-бет келіп, күресе білуің керек.
- Қорықпайтындай кейіп жасап, өзіңді "Мен ештеңеден қорықпаймын" деп сендір. Осылай жасау арқылы уақыт өте келе, қорқыныштарыңнан арылып, біртіндеп өзіңе деген сенімділігің арта түседі.
- Өмір болғандықтан, қиындықтар мен проблемалардан қашып құтыла алмайсың. Ақыры қашып құтыла алмайды екенсің, онда не үшін уайымдайсың? Одан да, өзіңе сен де, "Менің қолымнан бәрі келеді" деп, тек алға ұмтыл.
- Қорқыныштарыңның шынайы себебін анықтауға тырыс.
- Қорқыныштан құтылу үшін ойыңды жақсы жаққа бұр. Жақсы нәрселерді ойлауға тырыс. Сондай-ақ жиі-жиі таза ауада серуендеп, медитация жасап, музыка тыңдап, өзіңнің сүйікті істеріңмен айналыс.

App Store
Google Play