- Мен болған жағдайды немесе болуы мүмкін жағдай туралы аса көп ойлап, уайымдамаймын. Оның орнына тек бүгінімді ғана ойлаймын.
2.Мінсіз болып көрінуге тырысқаннан, қателік жасап, тәжірибе жинаған әлдеқайда артық.
- Өз ойларыма көбірек көңіл бөліп, жақсы ойлаймын.
- Сәтсіздікке тап болып, сүрінгеннен кейін неғұрлым тез тұрып кетсем, жетістікке де соғұрлым тез жетемін.
- Мен өз қорқыныштарымнан жасырынып, тығылмаймын. Өйткені олар менің мақсатқа жету жолымда жай ғана кедергі екенін білемін.
- Болашақ қазіргі жағдайдан басқаша болуы мүмкін, себебі мен оны дәл қазір өзгерте аламын.
- Мен өзім жақсы көретін асты жей аламын, өзім қалағандай қозғала аламын, өзіме ұнайтын нәрсе туралы айта аламын және өзім қалағандай өмір сүре аламын.
- Мен өз жолымдағы барлық кішкентай жетістіктерді атап өту керекпін. Неге десең, соңында дәл сол жетістіктерім менің өмірімді қызықты әрі мәнді етеді.

App Store
Google Play