Адам тұлға ретінде қалыптасқаннан кейін ғана өзін ересекпін дей алады. Тәуелсіздік, ақыл-ой, парасат деген секілді анық белгілерден бөлек, мұның басқа да көбісі мән бере бермейтін белгілері бар. Мысалы:
- Сен өзіңді осы бейнеңде қабылдадың. Басқаларға еліктеусіз, ешқандай өкінішсіз, өз бет-әлпетіңді және мінезіңді жақсы көре бастадың.
- Бөлмеңнің жинақы тұрғанын өзің қадағалайсың. Анаң бірнеше рет есіңе түсіргеннен кейін ғана жинастыруға кіріспей, өз бетіңше істейсің, себебі мұның маңызды екенін білесің.
- Смартфонға, компьютерге телміріп отырып уақыт өткізу енді саған қызық емес. Себебі сенің бұдан қызықтырақ және маңыздырақ істерің пайда болды.
- Басқаның ойына назар аударғанды қойдың. Себебі басқалар сенің өміріңде ешқандай рөл ойнамайтынын, ештеңеге әсер етпейтінін түсіндің (әрине, ең жақын адамдарыңнан бөлек).
- Сен бос әңгімеден бас тарттың. Мән-мағынасы жоқ заттарды басқалармен отырып алып сағаттап талқылаудан еш пайда шықпайтынын түсіндің.
- Өзіңнің шешімдеріңе объективті түрде қарай аласың. Яғни, өзіңнің көзқарасың арқылы ғана емес, ауқымды түрде қарап, дұрысынан бағалай аласың.

App Store
Google Play