- Кевин Гиллилэнд атты психолог қобалжи бастағанда өз-өзіне "Қазір қобалжитын уақыт емес, кейін де қобалжи жатармын"- деп айтады екен. Бұл фраза оған назарын басқа нәрсеге аударып, қобалжуды ұмытуға көмектеседі. Сондай-ақ Кевин қобалжыған кезде өз-өзіңе күш беріп, қолдап, "менің қолымнан келеді"- деп айтудың да маңызды екенін айтады.
- Клиникалық психолог Джон Даффидің айтуы бойынша стрессті түсірудің ең эффективті жолы - өз ойларыңды конспект қылып, қағаз бетіне жазу. Бұл әдіс саған қобалжуды жеңіп, негативті ойлардан арылуға және мәселенің шешімін тезірек табуға көмектеседі.
- "Как научиться оптимизму" кітабының авторы, психолог Мартин Селигман стрессті жағдайларда тек қана негативті ойлар мен естеліктерді ойлайтынын мойындайды. Сондықтан бұндай ойлардан арылудың ең оңай және эффективті жолы - қолыңды шапалақтап, дер кезінде "тоқтат" деп айту - дейді Мартин.

App Store
Google Play