Ағылшын тілінде сөйлеу мен ҰБТ тапсыру екі түрлі нәрсе. Сен ағылшынша сайрап тұруың мүмкін, бірақ ҰБТ-дан оңбай құлауың мүмкін. Өзіміздің қазақ тілі мен қазақ тілінің ережесі сияқты. 6-7 жастағы баланың сөздік қоры: 3500-7000 сөз. Бала керемет сөйлегенмен, «сабақты етістік пен салт етістіктің», «бірыңғай қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемнің» не екенін білмек түгіл, мұрнына исі бармайды. Сондықтан ҰБТ-ға ағылшын тілінен дайындалу үшін ҰБТ-ның не талап ететінін білу керек.
- Мысалы, Gerund (Герундий), The infinitive (Инфинитив), Participle I, II, Sequence of Tenses деген сияқты ереже атауларын жақсы білу керек.
- Сөздік қорың көп болуға тиіс. Оны жаттаудың өзіндік мықты тәсілдері бар. Жеке сөзді емес, сөз тіркесін жаттау. Етістіктерді жаттағанда оның әрекетін өмірде қайталап істеу. Әр затқа стикер жабыстырып жаттау, т.б.
- Ережелерді көбейту кестесін жаттағандай біліп алу керек. Бұл арқылы сауатты жаза аласың. Үлкен плакатқа жазып, көзің жиі түсетін жерге іліп қой.
- Ағылшын тілінде көп оқу керек. Кітаптар, мақалалар, ғылыми зерттеулер, газет-журналдарды оқу қажет.
- Арнайы бағдарламалар бар, ішінде грамматиканы тексеретін тесттер бар. Олар бір сұрақтан қателессең, соны қайталап жіберіп тұрады. Мысалы, Lingualeo, Duolingo, т.б. Күніне 5-10 минут сол тесттерді тапсырып отыр.
- ҰБТ-да келген сұрақтарға қарап, қандай сұрақтар жиі келетініне талдау жаса. Сол арқылы өзің де сондай сұрақтарға ерекше дайындал.
- Әр ереже санаңа сіңіп қалу үшін 50-100 мысал сөйлем жаз.
- Мектепте, қалада ағылшын клубын ұйымдастырып немесе сондай клубтарға жазылып, сөйлеу қабілетіңді жетілдір.
- Егер сенде IELTS (6.0-ден жоғары), TOEFL ITP (310-нан жоғары), TOEFL IBT (79-дан жоғары) және басқа да халықаралық сертификаттар болса, онда пән бойынша тест тапсырмауыңа болады, жай ғана сертификатты көрсетесің және 45 балл аласың.
- Егер таңдау пәнің ағылшын тілі болса, JOO.kz-пен бірге дайындал. Ертерек тіркелсең, грант ұтып алу мүмкіндігің артады. Курс туралы толық ақпарат МЫНА сілтемеде.

App Store
Google Play