Joo қосымшасын жүктеп ал

TOP 5 сұраққа жауап

TOP 5 сұраққа жауап

Алдыңғы аптада сұрақ-жауап айдарын жасағанбыз. Соның нәтижесі бойынша оқушылар ең жиі қойған 5 сұраққа жауап жаздық.

Сұрақ: 1-семестрден соң университет ауыстыруға бола ма?Жауап: Иә, болады. Алайда, есте сақтау керек жағдай: университеттің статусы бірдей болуы керек. Мысалы, сен мемлекеттік университеттен басқа университетке ауысқың келсе, тек мемлекеттік университеттерге ауыса аласың. Ал жекеменшік университетке ауысқан жағдайда грант сақталмайды.

Сұрақ: "Ағылшын тілі - дүниежүзі тарихы" комбинациясына грант саны көбейе ме?

Жауап: Жалпы грант саны мамандықтың нарықтағы сұранысына байланысты бөлінеді. Өткен жылы грант саны ҰБТ-дан кейін белгілі болған, биыл нақты осы мамандыққа грант көбейетіні жайлы ақпарат жоқ.

Сұрақ: Ең бірінші грант ҰБТ-сы қашан болады?

Жауап: Ең бірінші грант ҰБТ-сы сәуірде болмайды. Грант ҰБТ-ға сәуір айының аяғында тіркелу ашылады. Ал ҰБТ-ның өзі мамыр-маусым, тіпті шілде айының бастапқы күндерінде жалғасуы мүмкін.

Сұрақ: 4 мамандықты 4 түрлі университетке жазу керек пе?

Жауап: Жалпы грант мамандыққа бөлінеді. 4 таңдау кезінде ең үлкен қателік: бір мамандықты бірнеше рет жазу. Бұл жағдай сенің грантқа түсу мүмкіндігіңді азайтады. 4 түрлі мамандықты 1 ғана университетке немесе 4 түрлі университетке де жазуға болады.

Сұрақ: ҰБТ-ға дайындалу үшін қалай жоспар құрамыз?Жауап: Қантар ҰБТ-сына аз уақыт қалды. Сен әлі қалай жоспар құру керектігін ойлап жүрсең, саған шағын кеңесіміз бар. Ең алдымен біздің тегін пробный тесттен өтіп, өзіңнің білім деңгейіңді анықта. Мүлдем түсінбеген сұрақтарды түртіп алып, сұрақты емес, сол тақырыпты бөлімді үйренуге тырыс. Теория мен практиканы қатар алып жүр, аз-аздан үздіксіз алға қарай жүре бер!

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз