Технология біздің өмірімізді жеңілдетіп, бос уақытымызды көбейту үшін жасалған. Байқайсыңдар ма, керісінше бос уақытымыз азайып, тірлігіміз көбейді. Осының ішінде ең көп зиян шегетіні – ұйқы. Бір іске уақыт таппасақ, ұйқыдан ұрлаймыз. Бір түн бойы ұйықтамай, сабақ оқып шықсаң не болады?
- Бір түн ұйықтамасаң, оның орнын екі түн ұйықтап толтыра алмайсың.
- Бір түн ұйықтамасаң, келесі күні басың ісіп кеткендей боп жүресің. Мең-зең боп тұрады.
- Мұндай күйде жаңадан ақпарат қабылдау қиындайды.
- Бір күн бойы мас секілді күйде жүресің.
- Иммунитетің бірден әлсірейді.
Әрине, таяқтың екі ұшы бар. Оған да тоқталайық.
- Егер түнде өнімді жұмыс істейтін болсаң, онда түнде дайындал.
- Кейбір жобаларды таңға дейін бітіру керек болады. Әрине, мұндай жағдайлар жиі болмас. Сондайда бір түніңді қиып, дайындалуға болады.
- Түніңді білім алуға жұмсасаң, ол бекер өткен түн емес. Кино көріп өткізуден сақтану қажет.
- Адам итжанды демекші, ағза бір түн ұйқысыз өткізуге шыдайды. Тек артынан жақсылап ұйықтау керек.
- Негізі түн адамға демалу үшін берілген. Бұл уақытта ағза күні бойы жоғалған ресурстарын қайтадан жинайды. Сондықтан түнде өнімді болсаң да, режимді бірте-бірте ауыстыру қажет.
- Мынадай жақсы әдіс бар: түнгі 22:00-1:00 арасында ұйықтап ал. Сонда басың демалады. Ары қарай оянып, күн шыққанға дейін 7-8 сағат дайындалсаң болады.

App Store
Google Play