Егер сіздің арманыңыз ҰБТ-дан ең төмен баллды жинау болса, әрине, оған жетудің жолы бар. Армандар орындалатынын ұмытпағаныңыз жөн. Бастысы оған жақсы жоспар керек. Ол мынадай:
- Мамандық, оның ішінде таңдау пәндерін таңдауға асықпаңыз. ҰБТ-ға бір ай қалғанда таңдайсыз немесе ҰБТ-ға кіргенде ауыстырып үлгересіз.
- ҰБТ-ға мүлдем дайындалмаңыз. Мұғалім не ата-анаң сұрап жатса, дайындалған сыңай танытыңыз.
- Бір есепті не сұрақты шеше алмай жатсаңыз, мұғалімнің артынан жүгірмеңіз. Өз бетіңізбен де ізденбеңіз.
- Ертең істеуге болатын істі бүгінге қалдырмаңыз.
- Қосымша дайындық топтарына бармаңыз.
- Реті келсе, кино көріп, сериалдарды жібермеңіз.
- Сынақ емтихандарында жинаған баллдарыңыз бірте-бірте төмендеп жатса, бұл жақсы көрсеткіш. Егер керісінше өсіп жатса, онда уайымдаудың жөні бар. Демек, сіз жоғарыда айтылғандарды істемей жүрсіз деген сөз.
- Бір уақытта көп іспен айналысыңыз.
- Тарихқа дайындалып жатқанда телефоныңыз интернеті қосулы боп жаныңызда тұрсын. Уатсапты тексеріп, тикток қарап, инстаграм парақтап отырыңыз.
- Кеш жатып, кеш тұрыңыз.
- Ертеңгі күнге жоспар жасамаңыз. Алдымен ертең болсын, сосын қайсы іс есіңізге түседі, содан бастайсыз.
- Шпор дайындаңыз. Себебі бұл арқылы ҰБТ-дан аз жинамақ түгіл, аудиториядан қуылуға керемет мүмкіндік.
Ал, ҰБТ-дан аз балл алып қалып, грантқа түсе алады ма екенмін деп ойлап жүрсең консультацияға жазыл! МЫНА сілтемені басып, өтініш қалдыр🙌🏻
Әзірге есіме келгендері осы. Сіз тағы қандай жолдарын білесіз? Жаза отырыңыз, біліп жүрейік.

App Store
Google Play