ҰБТ-ға қыркүйектен бастап дайындалу керек деген заң жоқ. Қазірден бастап іске кіріссең болады. Қаласаң күніне алты сағат дайындал немесе 12 сағат. Өзіңе ыңғайлы уақытты таңдап, баста.
- Жаңа ақпаратты оқығанда таймерді 30 минутқа қой. Уақыт біткенде 5 мин сергіп ал. Ары-бері жүріп, шай мен печенье әкеліп, жаттығу жаса.
- Сұрақтың жауаптарын жазып, сосын оны дауыстап оқы. Оны көзбен көру арқылы үш мүшеден келген ақпарат жақсы сақталады.
- Әр пәнге дайындалғанда әр түрлі жерде не бөлмеде дайындалған жақсы. Сонда есте сақтау ықтималдығы артады.
- Қолыңнан фломастер, стикер дегендер түспесін. А3 форматағы плакатқа сызып, бояп, стикер жабыстырып, ассоциация жаса.
- Интеллект карта жасауды әдетке айналдыр. Ол ақпаратты есте ұзақ сақтауға таптырмас құрал.
- Назар аудартатын заттар, мысалы телефонды алысқа қой. Бес минуттық үзіліс жасағанда ғана қарауға болады.
- Егер сұрақ қиын, оған біраз уақыт әрі назар бөлу керек болғанда, телефонды авиарежимге қой.
- Оқуға дайындалғанда үйдегі адамдарға мазаламауын өтініп қой.
- Ұзақ дайындықтан кейін 20-30 минут тынығып ал. Диванға жатып, көзді тұмшалап, демал.
- Терең демал, бұл стресті кетіруге жақсы әдіс.
- Қажетті заттар жаныңда болсын. Олар үшін қайта-қайта орныңнан тұрып, бара беру уақытты алады. Мысалы, су, кофе, шай, күн салқын болса қалың киім, банан, жаңғақ, т.б.
- Артық шудан арыл. Мысалы, теледидар. Классикалық музыкамен дайындалуға болады. Бірақ ыңылдап әнге қосылып жатсаң, онда өшіріп таста.

App Store
Google Play