Үй кейде азан-қазан болып кететіні бар. Қонақ келіп жатады, кетіп жатады. Бала жылап, не айқайлап жатады. Бауырларың ойынға тартып, мазаңды алады. Оларға «мен грантқа оқу үшін ҰБТ-ға дайындалуым керек» десе түсінбейді.
Енді не істейміз?
- Үйдің үлкендеріне оқу кезіндегі тәртіпті түсіндіріп қою қажет. Сен үшін грант қандай маңызды болса, олар үшін де тегін оқыту соншалықты маңызды.
- Үйдің үлкендері арқылы бауырларыңа түсіндіру керек. «Асхат сабақ оқығанда мазаламаңдар. Кім мазаласа, сникерс жемейді» деген секілді жаза, не мотивация беру керек.
- Бауырларыңмен уақытты бөліп ал. Бір уақытты сабаққа, бір уақытты бірге ойнауға жұмса. Сонда сабақ барысында сені мазаламайтын болады.
- Бөлмеңде отырып, назарды бөлмейтін музыка (lofi) музыка қойып, сабаққа дайындал. Сонда сырттың шуылы жұтылып кетеді.
Әр үйдің тәртібі басқа. Мүмкін бір үйде ұрсып берер, бір үйде шымшып алар. Ең жақсысы – екі жақ та ұтатын келісімге келу.
Ал біздің курстың оқушылары, сендер сабаққа кедергі жасаса қандай шара қолданасыңдар?

App Store
Google Play