Joo қосымшасын жүктеп ал

ҰБТ-ға дайындықтың ерекше 5 әдісі

ҰБТ-ға дайындықтың ерекше 5 әдісі

Бірінші әдіс: Аз-аздан оқу

Луизан университетінің зерттеушілері айтады: жаңа материалды оқығанда 50 минуттан асырмау керек. Бұған Помодоро әдісі ең дәл келеді. 25 минут оқисың, 5 минут демаласың.

Программистерді осылай зерттеп көрген екен. Нәтижесінде Помодоро әдісін қолданғандар жақсы нәтиже көрсеткен.

Екінші әдіс: аз-аздан, бірақ жиі

Ақпаратты аз-аздан, жиі оқып, миға қабылдасаң, нәтижесі керемет. Бірден бүкіл материалды сіңіріп алудан әлдеқайда жақсы.

Үшінші әдіс: Қолмен конспект жазу

Принстон және Калифорния университетінің зерттеушілері конспектіні қолмен жазатын студенттердің ойлау жүйесі, ақпаратты талдауы, тыңдай білуі өзгелерден артық екенін байқаған.

Төртінші әдіс: Біреуді оқыту

Вашингтон университетінің ғалымдары мына нәрсені анықтапты. Егер студентке оқыған материалын біреуге үйретесің десе, онда ол үлкен материалдың ең қажеттілерін теріп ала алады екен.

Бесінші әдіс: арасында ұйықтап ал

Сабақтан кейін ұйықтап алып, сосын дайындалу деген жақсы тәжірибе. Ал екі сабақтың арасында ұйықтап алсаң, тіптен жақсы!

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз