Joo қосымшасын жүктеп ал

ҰБТ-ға топ болып дайындалудың ерекшелігі

Мұндай дайындық тобы қандай болу керек, пайдасы қандай, не үшін қажет екенін талқылап көрейік.

- Әрине мұндай топта көп оқушы болмауы тиіс, ең аз 4, ең көп 6 оқушы.

  • Топ мүшелерінің таңдау пәндері бірдей болғаны абзал.
  • Топқа білім деңгейі өзіңмен қатарлас оқушыдарды таңдаған жөн.
  • Топ мүшелері ең жақын достар болмаса да, бір-бірін жек көретіндер болмауы керек.
  • Әр топ мүшелері тапсырмаларды бөлісе орындай алады. Мысалы, тарих сабағынан өтілген тақырыпқа қатысты қосымша материалдарды бөлісіп оқып, бір-біріне түсіндіреді.
  • Топ мүшелері бір-бірін қолдап, алға қойған жоспарларынан ауытқымауына жәрдемші болады.
  • Топта бір ұйымдастырушы болу қажет. Ол қай жерде, қашан жиналатынын, қандай тапсырмаларды орындап келуін қадағалап жүреді.
  • Міндетті түрде суретке түсу керек. Кейін оқуға түскенде өткенді еске алатын жақсы естелік болады. Мүмкін он жылдан кейін сол суреттегідей боп қайта түссе, тіптен қызық сурет шығады.

Сіз ҰБТ-ға қалай дайындалып жүрсіз? Жеке дайындалған дұрыс па, әлде топпен дайындалған дұрыс па?

JOO.KZ мамандары дайындаған икемді курсқа қатысып, деңгейіңді біле аласың.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз