Joo қосымшасын жүктеп ал

ҰБТ кезінде қобалжымау үшін не істеу керек?

ҰБТ кезінде қобалжымау үшін не істеу керек?

ҰБТ-да қобалжымасаң, жоғары балл жинауыңа мүмкіндік бар.

  1. Уайыммен күресудің қажеті жоқ. Ол – ағзаның қалыпты реакциясы. «Алақаным терледі, жүрек соғысы жиіледі, демек алаңдай бастадым» деп дауыстап айт. Өзіңді түсіну, уайымыңды мойындау – уайымды сейілтудің алғашқы қадамы.
  2. Терең демал.
  3. Емтихан қалай өтетінін ойша елестет. Себебі көбі тексеру кезінде мазасы қашып, уайымын өршітеді. Олай болмас үшін бәрін ойша өткіз. Қаншада басталады? Өзіңмен не алуға болады және болмайды? Қанша уақыт беріледі? Сені уайымдатуы мүмкін барлық сұраққа алдын-ала жауап тауып қой.
  4. ҰБТ-дан бір түн бұрын жақсылап ұйықта. Ұйқың келмеуі мүмкін. Душ қабылдап, бөлмені қараңғыла. Бақытты сәтіңді елестет. Телефоныңды басқа бөлмеге қалдыр.
  5. Емтихан алдында 15-20 минут серуендеп кел.
  6. Бәрі жақсы болатынына сен. 🧡

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз