- Оқуды үзбе. Жаңадан ештеңе үйренбесең, көп нәрсені жоғалтасың. Зейінді әрдайым дамыт.
- Адамдардың бәрін кешір. Бұрын сені ренжітіп, әлі кек сақтап жүрген дұшпандарды кешір де, олармен қайта араласудан сақтан. Себебі кек сақтау ағзаға қажетті энергияның көп бөлігін жеп қояды.
- Бір нәрсені ақша үшін емес, сауап үшін істе.
- Уақыт деген өте жылдам жүреді, сен ойлағаннан да жүйрік! Ал жас қосқан сайын ол үдей түседі. Уақыттың қадірін біл!
- Тек сезініп не бастан өткізетін нәрселерді диванда отырып, сезінуге тырыспай-ақ қой! Парашюттен секіруге кеттік!
- Мына нәрсе анық: материалды байлық әрқашан бақыт әкеле бермейді. Факт: байлардан гөрі, өз басын асырап, рахатына өмір сүретіндердің арасында бақыттылар көп.
- Өзіңді алдама. Бұл біреуді алдағаннан да жаман.
- Молшылық байлықтың деңгейімен емес, бастан өткізген бақытты сәттердің санымен есептеледі.
- Өзгелер үшін емес, өзің үшін өмір сүр.
- Жақын адамдардың қадірін біл, әсіресе ата-ана, бауырларыңды күлдіру үшін ақшаңды да, уақытыңды да аяма.
- Бақытты адамдарға қарап, қуан. Сонда қызғаныш қуанышқа айналады.
- Сынды қызғаныш деп емес, жұмыс жасауым керек кемшілігім деп қабылда. Ал егер негізсіз сын болса, күліп қоя сал, жүрекке алмай-ақ қой.
- Кемшіліктеріңді менің бір қырым деп қабылдай біл. Кемшілікті артықшылыққа айналдырудың жолдарын іздеп көр.
- Күн сайын өзіңе жарыс ұйымдастыр. Мысалы, бүгін отыз бет кітап оқымай жатпаймын.
- Материалды затқа байланып қалма. Әсіресе, соткаға. Кез келген уақытта жоғалтып алсаң, ішің (немесе бір жерің) ашымайтын деңгейге жетуге ұмтыл.
- Басқаша ойлайтын адамдармен сөйлесіп, олардың неге олай ойлайтынына ой жүгіртіп көр.
- «Мен білмеймін» деп айтудың еш кемшілігі жоқ, қайта артықшылығы бар.

App Store
Google Play