Жаңа Жылда жақсы кеңестерді еске салып, өмірді бір перезагрузка жасауға ұсынып отырмыз:
- Заттарыңа байланып қалма. Заттар өткінші.
- Көшеге шығып, адамдармен ортақ бір іс жаса. Мысалы, бірігіп аула тазалау.
- Күйгелектеніп, асықпа. Бәрібір басынан бастап жасауыңа тура келеді.
- Бәріне ұнауға тырыспа. Бәрібір ұнамайсың.
- Қателесу – қате нәрсе емес. Тәжірибе жинайсың.
- Жүрегіңе маза бермей жүрген ізгі арманыңды қайта-қайта ойлай бермей, іске асыр.
- Мүмкіндік болса, билеп, ән айт. Стресті жояды.
- Қолда бар нәрсеңді жоғалтпайынша, қадіріне жете алмайсың.
- Дұрыс емес екеніңді ұқсаң, тәкаппарланбай, мойындап, кешірім сұра. Дәрежең көтеріледі.
- Жалғыз емес екеніңді біл. Сен әрдайым құдайдың көз алдында, періштелердің қорғауындасың. Сосын барып ата-анаң, туыстарыңның қолдауындасың.
- Әр нәрседен махаббат ізде. Анаңнан, бейтаныстан, арайлы күннен де. Біршама уақыт ізденістен соң, бәрі саған махаббатын төгіп тұратынын сезесің.
- Адамдардан жақсылық іздесең, өмір сүру жеңілдегенін сезесің.
- Суғарған жеріңнен ғана гүл шығады.
- Ақша – мақсат емес, мақсатқа жету құралы.
- Өміріңді өзіңнен басқа ешкім өзгерте алмайды. Басқалар тек жолдағы дәнекер ғана.
- Білімің көп болғаны маңызды емес, қоғамға пайда тигізген ісің ғана маңызды.
- Бурабайға, не болмаса көрші Өзбекстанға болсын қыдыр. Сондай жақсы сезініп қаласың.
- Бірде-бір тірлік жасамасаң, мың мотивациялық кітапты оқысаң да, пайдасы жоқ.
- Болашақты көп ойламай-ақ қой. Барлық күшің осы сәтке бағытталсын. Болашағың – қазір не істегеніңе байланысты. Өзіңді мықты маман ретінде дамытсаң, болашақта шет елге қыдырып, жүйрік машина мініп, зәулім үйде тұрасың.

App Store
Google Play