Ол кім десең, "Трансерфинг Реальности" кітабы әлемнің 15 тіліне аударылған, мықты автор, жазушы.
- Үнемі біреумен ренжісіп, ұрсысып, жүру - өміріңді босқа жіберіп, уақытыңды зая кетіргенмен бірдей.
- Өзіңмен өзің болу дегеніміз - өзіңді барлық кемшіліктеріңмен және қателіктеріңмен қабылдай білу.
- Өміріңді кино деп елестет. Оның ішінде режиссер де, актер де, сценарий жазушы да өзіңсің. Ал енді айналаңдағы адамдардың киноларындай емес, өзің қалағандай, өзіңе ұнайтындай кино түсіріп көр.
- Егер сен "өзің түсірген киноны" өз басыңда қайта-қайта айналдырып, мақсатыңа қарай жақындай беретін болсаң, ерте ме, кеш пе арманыңды орындап, қалағаныңа жететін боласың. Ал қалағанына жетіп, арманын орындау тек өз өмірін басқара алатын адамдардың ғана қолынан келеді.
- Ешқашан, ешқандай жаста "менің өмірім жаман" деп айтпа. Одан да, өміріңді өзің қалағандай өткізуге тырысып, жаңа мүмкіндіктер ізде. Ең бастысы, өмір сүруден күдеріңді үзбесең, жалықпасаң болғаны.

App Store
Google Play