- Арманыңа жетер жолда сүрінуің мүмкін, бірақ соған бола мұңайма. Еңсеңді тік көтеріп, қайтадан тұруға тырыс. Есіңде болсын, сенің қолыңнан бәрі келеді! ✊🏻
- Сен сияқты қаншама адам жетістікке жетуді армандайды. Олар да сен секілді тырысып, ешқандай қиындыққа қарамастан алға жылжып келеді. Сондықтан ешбір кедергіге тоқтамай, толық мақсатыңа жетпейінше берілме.
- Жетістікке жету үшін өзің қалағаннан да көбірек тырысып, ізденуің керек. Сол кезде қарсыластарыңды басып озып, армандарыңды орындай аласың.
- Қорқыныш, ақталу, өзімшілдік, өзгелердің ойы мен пікірі секілді нәрселергетәуелді болма. Сондай-ақ сенің мүмкіндіктеріңді шектеп, көзқарасыңды өзгертуге бөгет жасайтын адамдар мен әдеттерге «Жоқ» деп, олардан құтылуға ұмтыл. 🙅🏻♂️
- Ешкім бірден жетістікке жетпейді. Сондықтан өзіңді психологиялық түрде сәтсіздікке ұшырауға алдын-ала дайындап, «қандай жағдай болмасын, мақсатыма жетпей қоймаймын» – деп өз-өзіңе уәде бер.

App Store
Google Play