Joo қосымшасын жүктеп ал

Ақша жинау да өнер

Ақша жинау да өнер

Әр адамның бойында болу керек қабілеттің бірі – қаржыны таба білу, сақтай білу, жинай білу, көбейте білу💰✅ Оқушы кезіңнен бастап осы қабілетті бойға сіңіріп үйрену керек. оған мықты ерік-жігер, сабыр, мақсатқа деген табандылық қажет. Кез келген оқушыға ата-анасы, әжесі, туыстары түрлі ақша беріп жатады. Соларды тиянақты түрде жинап, ұтымды пайдалансаң, біраз қор жинап тастайсың.

🔺Қалта ақшадан бөлек, бойыңдағы қабілеттерді де пайдаланып, ақша табуға болады😉 Біреу дәмді торт пісірсе, бірі есептен жүйрік, бірі шет тілінен мықты. Осы қабілетті сатып та пайда таба аласың. Ұсақ ақшалардан үлкен ақша жиналады🙌🔺Ақшаның бір бөлігін жаратпай, белгілі бір мақсат үшін жинау💸 Мысалы, квадрокоптер немесе фотоаппарат.

🔺Ақшаның бір бөлігін қажетіңе жарату үшін жинау. Мысалы, тестке қажетті бір кітапты сатып алу.

🔺Барлық ақшаңның оннан бір бөлігін қайырымдылық үшін беріп тұру🤝 Мысалы, мың теңгеден жүз теңге.

Бұл ісіңе ата-анаңнан кеңес сұрасаң болады. Оған қоса қаржылық сауаттылық жайлы кітаптар, тегін видео сабақтар қарау да артықтық етпейді. Бұл қабілет саған өмірбақи қажет болады😉

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз