📌Ауыл квотасы дегеніміз не?
- Ауыл квотасы дегеніміз – ауылда оқыған балаларға мамандық бойынша бекітілген грант конкурсы. Онда грант тек ауылды дамытатын әлеуметтік-экономикалық мамандықтарға ғана беріледі.
📌Ауыл квотасы бойынша грант қалай ойнатылады?
- Жылда мемлекеттен бөлінген барлық жалпы гранттың көп бөлігі(35%) ауыл квотасы арқылы ойнатылады. Жалпы грантқа барлық оқушы қатыса алады, ал ауыл квотасы тек ауылда оқыған балаларға арналған.
Жалпы грант конкурсы бірінші болады, кейін ауыл квотасы бойынша тағы да конкурс болады. Жалпы конкурста грант ұтып ала алмай қалсаң, ауыл квотасымен грантқа түсіп кетуің мүмкін. Бірақ “ АУЫЛ КВОТАСЫНЫҢ ГРАНТ КОНКУРСЫ “ деп жеке бөлініп, ешқай жерде жарияланып айтылмайды. Әр оқушының ЖСН-дері арқылы кім ауылдық жерде оқыды сол автоматты түрде анықтала береді.
**📌Ауыл квотасына балл қосыла ма?
- Ауыл квотасына балл қосылмайды. Тек конкурс барысында қала оқушыларына қарағанда басымдылық беріледі. Екі жағдайда да ҰБТ балы шешуші фактор** болатындығын ұмытпаған жөн.
📌Ауыл квотасына қанша грант бөлінеді?
- Алдыңғы жылдан бастап ауыл квотасына бүкіл гранттың 35%-ын бөледі(биыл қанша екені әлі белгісіз).
Мысалы: “Математика мұғалімдерін даярлау” мамандығына 1000 грант бөлінсе, соның 650-і ЖАЛПЫ КОНКУРСТА, 350-і АУЫЛ КВОТАСЫ бар оқушылар арасында ойнатылады.
Мәселен, Дәрия - қалада оқыған оқушы. Ол 130 балмен “Мейірбике ісі”-не тапсырды, 120 балмен ауылда мектеп бітірген Аружан да осы мамандыққа тапсырды. Жалпы конкурс барысында грантты Дәрия алады, себебі оның балы жоғары, бірақ Аружан жалпы конкурстан грантқа түсе алмай қалса да ауыл квотасына бөлінген грант конкурсында тағы да қарастырылады. Осы кезде Аружанның балы өзі сияқты ауылдық жерде оқыған оқушылардың арасында жоғары болса, онда ол да грантқа түсе алады.
📌Ауыл квотасы бойынша грант конкурсына қалай қатысасың?
- Ауыл квотасы арқылы грант конкурсына қатысу процесі автоматты түрде орын алады. Оған қатысу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Егер сен ауылдың мектебінде оқыған болсаң, сен автоматты түрде конкурсқа қатысасың.
⚠️ЕСКЕРТУ: Маңызды нәрсе, ауыл квотасы арқылы грантта оқыған болсаң, кейін ауылдық жерге барып 3 жыл өтеуің қажет. Мамандық бойынша жұмыс жасамаған жағдайда оқу шығындарын мемлекетке қайтарып беруің керек болады.
Барлығы түсінікті ме? Сұрағың болса жаза кет👇🏻




App Store
Google Play