ҰБТ біткен соң, грант конкурсына құжат қабылдау басталады. Грант конкурсына құжат қабылдау алдыңғы жылы 13 шілде мен 20 шілде аралығында өткен болатын. Биыл қашан болатыны туралы РЕСМИ ақпарат шыққан бойда хабарлайтын боламыз. Ал қазір, қандай құжаттар дайындай беру керектігін біліп отыр:
- Жеке куәлік(удостоверение);
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото(6 дана);
- Орта білім туралы аттестат(техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
- № 075/у медициналық анықтама;
- № 063/у профилактикалық екпелер картасы;
- Квота бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар(ауыл квотасы үшін ешқандай құжат керек емес).
Құжаттар тапсыру былтыр оффлайн түрде, жергілікті университеттің қабылдау комиссиясына барып жүзеге асырылған болатын(бұл кезде басқа қаладағы кез келген университетті таңдай бересің). Биыл да солай болуы мүмкін. Ол туралы РЕСМИ ақпарат ҰБТ біткеннен кейін шығады. Шыққан кезде міндетті түрде хабарлаймыз, уайымдама🙌🏻




App Store
Google Play