Joo қосымшасын жүктеп ал

Ауыл квотасына ….. балл қосылады!

Ауыл квотасына ….. балл қосылады!

Ауыл квотасы бар оқушыларға ҰБТ-да ешқандай балл қосылмайды. Бірақ Білім және Ғылым министрлігінен бөлінетін гранттардың бір бөлігі тек қана ауыл жастарының арасында ойнатылады.

  • Ең бірінші ЖАЛПЫ КОНКУРС болады. Бұл конкурсқа қала болсын, ауыл болсын барлық оқушылар қатысады.
  • Екінші АУЫЛ КВОТАСЫ бар оқушылар арасында конкурс болады. Бұл конкурсқа ЖАЛПЫ КОНКУРСТАН грант ұта алмай қалған ауыл жастары қатысады.

Жыл сайын барлық бөлінетін гранттардың 35% осы ауыл квотасына бөріледі.

Мысалы: “Математика мұғалімдерін даярлау” мамандығына 1000 грант бөлінсе, соның 650-і ЖАЛПЫ КОНКУРСТА, 350-і АУЫЛ КВОТАСЫ бар оқушылар арасында ойнатылады.

⚠️ЕСКЕРТУ:

  • Бұл процесс автоматты түрде орын алады. Ауыл квотасына қатысу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Егер сен ауылдық мектепте оқитын болсаң, компьютер сені автоматты түрде анықтап, автоматты түрде конкурсқа қатысасың.
  • Егер ауыл квотасы арқылы грант ұтып алсаң, оқуды тәмамдаған соң 3 жыл бойы ауылда өз мамандығың бойынша қызмет етесің. Жасамаған жағдайда оқу үшін ақыны мемлекетке қайтарып бересің.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз