Биыл математика мұғаліміне грантқа түсу үшін неше балл жинау керек?
Стоматологияның грантқа биылғы шекті балы қандай?
Ауыл квотасымен 117 балмен биология мұғаліміне грантқа түсе аламын ба?
Бізге қойылатын ең жиі сұрақтардың бірі грантқа түсу үшін қанша балл жинау керектігі туралы. Бұл тақырыптың аясында осыған дейін де талай пост шығарған болатынбыз. Осы жолы 2023 мен 2024 жылғы түлектердің мысалында түсіндіріп көрейік:
2023 жылғы түлектер информатика пәнінің мұғаліміне грантқа ең кемі 78 балмен түседі. Ал ауылдық квотасы барлар 75 балмен. Дәл сол мамандыққа осы 2024 жылғы түлектер ең кемі 91 балмен, ауыл квотасы барлар 77 балмен грантқа іліккен.
📌Бұдан не түсінуге болады?
Грантқа қанша балмен түсуге болатыны нақты белгіленбейбін көрсеткіш. Ол жыл сайын талапкерлердің дайындық деңгейіне, жинаған балдарына, бәсекелестікке қарай өзгеріп отырады. Егер бәрі ҰБТ-да жоғары балл алып кететін болса, сәйкесінше, грантқа түсу балы да жоғарырақ болады. Немесе керісінше, бәрі төменірек балл жинайтын болса, грантқа түсу балы да төменірек болады. Бұл жерде ҰБТ-ны қалай тапсырып шығатындарыңа байланысты.
Алайда, алдыңғы жылдың балдарына қарап, осы жылға болжам жасауға болады.
📲Сол үшін де мамандықтардың шекті балдарын жылдарымен бірге білгенің жөн. Ол үшін:
- «Мамандықтар» бөліміне өт
- «Барлық мамандықтар» батырмасын бас
- Осы бөлімде барлық 117 мамандықтар тізімі берілген. Өзің қалаған мамандықты таңдап, ішіне кірсең, шекті балдар туралы ақпаратқа тап боласың.
**ауыл квотасының балы көрсетілмеген мамандықтарда ауыл квотасы жоқ деген сөз.*
Ал сенің мамандығыңа шекті балл қандай болған екен?👇🏻




App Store
Google Play