Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді.
✅Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы, яғни кез келген жақын орналасқан жоғары оқу орнында оффлайн тапсыруға болады.
📌eGov арқылы онлайн өтініш беру үшін
✔️«Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары білім» бөліміне өту керек.
✔️«Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдайсыңдар.
♦️Бұл жерде бейне нұсқаулық бар, танысыңдар.
✔️Ары қарай «Онлайн сұрау» батырмасын бас.
✔️Барлық міндетті жолдарды толтырып және сұрауға қол қою.
✔️Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысып ал.
Оффлайн құжат өткізген кезде де ешқандай да қиындық жоқ. Оған МЫНА видео дәлел.
‼️Гранттар конкурсына өтініштерді қабылдау 20 шілдеде аяқталады! Өткізіп алмаңдар! Сәттілік!




App Store
Google Play