🎓 Грантқа шекті балл — бұл сол мамандыққа грантқа түсу үшін кемінде жинау керек балл. Бірақ бұл баллды біреулер ойлап таппайды немесе министрлік жайдан-жай бекітпейді.
🔍 Шекті балл қалай анықталады?
Шын мәнінде, бәрі өте әділ:әр жыл сайын грантқа ең соңғы болып түскен абитуриенттің жинаған балы — келесі жылғы шекті балл болып есептеледі.
✅ Мысалы:
Егер 2025 жылы "Ақпараттық технологиялар" мамандығына грантқа ең соңғы болып 112 балмен біреу түссе,онда 2026 жылы сол мамандықтың шекті балы – 112 болады.
📉 Неге кейде төмендеп, кейде өсіп кетеді?
- Егер бір жылы бәсеке аз болса, шекті балл төмен болуы мүмкін.
- Келесі жылы бәрі жаппай сол мамандыққа тапсырып жатса — шекті балл өседі.
- Яғни бәрі сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
📌 Қорытынды:
Грантқа шекті балл деген — алдын ала белгіленген тұрақты шек емес,ол әр жылғы нәтиже мен бәсекеге қарай қалыптасады.Сондықтан өз мамандығыңның өткен жылғы шекті баллын біліп,одан жоғары нәтиже жинауға тырыс!
Болашақты бүгіннен бастап жоспарла!
ҰБТ-да жақсы балл — өзің таңдаған мамандыққа сенімді қадам! 💙




App Store
Google Play