- Зерттеулерге сүйенсек, өткен ғасырдың 60 жылдары адамдар кем дегенде 8 сағат ұйықтайтын болса, қазір ол көрсеткіш 6,5 сағатты құрайды. Бұның себебі: адамдардың өмір сүру темпі жеделдеп, күн сайынғы жасаулары керек істердің көбейіп кетуінен. Ұйқы режимінің бұзылуы ағзаға ең алдымен стресс болып тиіп, көңіл-күйдің және продуктивтіліктің төмендеуіне алып келеді. Сондай-ақ "Ұйқыны демалыс күндері қандырып алам деу" - дұрыс емес, әрі олай жасаудың ағзаға түк пайдасы жоқ екені де дәлелденді. Сол себепті ұйқыны кейінге шегере бермей, бүгіннен бастап, ұйқыңды дұрыстауға көңіл бөлгенің жөн.
- Таңертең өзімізді ұйқыдан оятып, күні бойына сергек жүру үшін бір шыны кофе ішкенде тұрған ештеңе жоқ. Алайда кофені мөлшерден тыс ішу - ағзаға, керісінше, зиянын тигізеді. Сонымен қатар кофеинді сусындар адамды қайта-қайта шөлдетіп, уақыт өте келе адамда кофеге деген тәуелділік пайда болады. Сол үшін де, "Күніне 2-3 шыныдан артық кофе ішпеген дұрыс" - дейді мамандар.
- Оттектің жетіспеушілігі - организмдегі зат алмасуға әсер етіп, адамның тез шаршауына әкеліп соқтырады. Сондықтан егер күн сайын таза ауада серуендеуге мүмкіндігің болмаса, ең болмағанда, бірнеше минутыңды терең тыныс алуға жұмсауға тырыс. Сондай-ақ әртүрлі тыныс алу техникаларын үйреніп, тәжірибе жүзінде байқап көру де, ағзаға пайдасын тигізеді.

App Store
Google Play