Жеңімпаздың 4 ұстанымы
- Жетістікке қай жаста болмасын жетуге болады. Рухы мықты, өз-өздеріне сенімді адамдардың көбі осы ұстанымды ұстанады. Олардың ойынша, адамның жас ерекшеліктері оның жетістікке жетуіне ешқандай әсер етпеуі керек. Ең бастысы - алдына қойған мақсаттары мен құлшыныстары болса болғаны.
- Рухы мықты адамдар өздерін өзгелермен салыстырып, олардан артық немесе кем екендіктері жайлы ойлап, босқа өздеріне деген сенімділіктерін түсірмейді.
- Адамды жетістікке апаратын да, құрдымға апаратын да - оны қоршаған ортасы. Егер сені өз-өзіне сенімді, табанды және алдына мақсат қоя алатын адамдар қоршайтын болса, онда сен де сондай боласың. Сондықтан кіммен дос болып, кіммен араласып жүргеніңе мұқият болып, ортаңды таңдауға үлкен мән бер.
- Ойыңды, бойыңды негативті ойлардан таза ұста. Негатив кез келген мотивацияны, құлшынысты басып, сенімділікті төмендетеді. Сол себепті де, рухы мықты адамдар өздерін негативтен барынша аулақ ұстауға тырысады.

App Store
Google Play