Далай Ламадан өмірлік кеңестер
- Біреуді сынап, мін тақпас бұрын, оның аяқ-киімін ал да, ол өткен жолды өтіп шық. Барлық қиындықтарын көріп, сезін. Содан кейін ғана оған қалай өмір сүру керектігі туралы кеңес берсең болады.
- Әрбір шешім қабылдаған сайын өзіңнен: "Бұл шешім мені бақытты ете ме?" - деп сұрауға тырыс. Сол арқылы өзіңнің мақсаттарыңды есіңе түсіріп, өз қалауларыңды бірінші орынға қойып үйренесің.
- Күн сайын таңертең ұйқыңнан оянғаннан кейін өз-өзіңе мынадай позитивті мотивация беруге ұмтыл: "Мен бүгінгі күнімді тек жақсы істерге жұмсайтын боламын. Сондай-ақ мен әр күнімді босқа өткізбей, барынша пайдалы әрі өнімді өткіземін.”
- Ережелерді дұрыс бұзу үшін оларды жақсылап зерттеп, біліп алғаның жөн.
- Кейде қалағаныңа қол жеткізе алмау да сәттілік болуы мүмкін екенін есіңнен шығарма.
- Егер бақытқа ұмтылсаң, оның пайда болу себептерін анықтауға тырыс. Ал өкініштің алдын алғың келсе, онда оның да пайда болу себептерін анықтап, өміріңнен алшақтатуға тырыс.
- Кешіру - өзгелердің қателігін ұмытуды емес, керісінше, ішіңде оларға деген теріс сезімді сақтамауды білдіреді.

App Store
Google Play