Joo қосымшасын жүктеп ал

Грант конкурсы қалай өтеді?

Грант конкурсы қалай өтеді?

Жақында ҰБТ аяқталған соң мемлекеттік грант конкурсы басталады. 4 таңдауды жасау барысы қалай өтетіндігі жайлы төменде толығырақ;

Конкурсқа өтінім қабылдау egov сайты арқылы жүзеге асады. Өтініш жібергенде оқушы 4 мамандық пен 4 университет таңдайды.

Мамандықты таңдағанда ең алғашқыларына арманыңдағы мамандықты жаз. Себебі грант конкурсында ең біріншісіне грант ұтып алсаң, қалған үшеуі автоматты түрде жойылады.

Мамандықтың төртеуін 4 түрлі етіп жаз. Себебі грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді. 4 мамандықты бірдей қылып таңдасаң, демек сенде грантқа тек 1 мүмкіндік деген сөз.

Енді университетті қалай таңдау керек? Бұл жағынан шектеу жоқ, 4 мамандықты 4 түрлі университетпен таңдасаң болады немесе 4еуіне 1 ғана университетті жазсаң болады.

Конкурсқа өтінім қабылдаудың уақыты мен форматы әзірге белгісіз.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз