«Физика мен математика таңдағандар 50 балл жинаса да грантқа түседі, ал біз ағылшын мен дүниежүзі тарихын таңдап, 100 балл алсақ та, грантқа түсе алмадық 😰»
Бізге жолданған кезекті бір оқушының реніші. Реніш деп айтуға келмес, алайда біз бүгін неліктен кейбір мамандықтарға көп грант, ал кейбіріне аз грант бөлінетіні жайлы жазатын боламыз.
Грант саны мамандықтың нарықтағы сұранысына байланысты бөлінеді. Нарықтағы сұранысты оңай тілмен түсіндірсек, сен 4 жылдан кейін осы мамандықты бітірген соң, бұл мамандық бойынша жұмыс таба алу деңгейіңді білдіреді. Сұраныс төмен болса, сәйкесінше жұмыс табу қиын.
Қарапайым мысал ретінде, стоматология мамандығын қарастырсақ. Жыл сайын, 20 грант бөлінеді, шекті балл 137. Бұл мамандыққа ең ақылды оқушыларға түссін деген көзқараспен осылай бөлді деп ойласаң, ҚАТЕЛЕСЕСІҢ. Аз грант = мамандыққа сұраныс аз.
Энергетик мамандарына сұраныс жоғары болғандықтан осы жылы 1858 грант бөлінген, шекті балл 55. Демек, мамандық таңдау кезінде сұранысына да мән берген дұрыс.
Өз мамандығыңның сұраныс деңгейін білу үшін, МЫНА сілтемеге өт.


App Store
Google Play