Достар, бәріміз грант конкурсының жауабын тағатсыздана күтіп отырмыз, иә?😅
Ресми ақпарат бойынша, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 7 тамыз күні, сағат 15:00-де жарияланады.
Яғни грант иегерлерінің тізімі бар PDF құжат төмендегі ақпарат көздерінде шығады👇
1️⃣ Біздің Telegram арнамыз
Арнаға тіркеліп алып, "Хабарландыруды" қосып, бақылап отырыңдар! Грант нәтижелері шыққан кезде PDF құжатты бірден арнамызда жариялаймыз.
2️⃣ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшалары
— gov.kz сайты
— Telegram арнасы
3️⃣ ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары
— Telegram
— ресми сайты
📌 Маңызды:
Грант нәтижесін қарағанда тек ресми дереккөздерге сен. Белгісіз парақшалардағы тексерілмеген скриндерге немесе тізімдерге бірден сеніп қалма.
Сондай-ақ, ЖОО-ға құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасатынын ұмытпа.
Енді тек жақсы жаңалық күтеміз🙌
Бұйырса, қалаған мамандығыңа грантпен түсіп кет!
**Ал сен грантқа түсемін деп ойлайсың ба?🤔
Грантқа түсетініңе қаншалықты сенімдісің?**💚




App Store
Google Play