📌 Кейде біз ойлаймыз жақсы оқу орнына түсу үшін, жақсы жалақы табу үшін ҰБТ-дан 100+балл алуымыз керек деп. Бірақ жоқ, олай емес. Грантқа түсу үшінде кейде 50-60 балл жетеді. Мұндай баллмен де сен өз болашағыңды құра аласың.
Статистикаға сүйеніп, 50-60 балмен түсуге болатын мамандықтар тізімін ұсынамыз:
🛠Механика
Университетті бітірген соң инженер-механик болып зауыт-фабрикаларда, инженерлік компанияларда, ТҚК - да (СТО) жұмыс істей аласың. Сонымен қатар, жинаған тәжірибеңмен жеке көлік жөндеу бизнесіңді ашуға толық мүмкіндігің болады
📚Таңдау пәндері: Физика + Математика
📊Шекті балл: 2024 жылы 56 болған.
🎓Алдыңғы жылы грант саны - 640. 🐕Ветеринария
Сұранысы жоғары мамандықтардың бірі. Бұл мамандықты оқып бітірген соң ветеринар болып жеке клиникаларда, зертханаларда жұмыс істей аласың. Кейін жеке ветеринарлық кабинет немесе клиника ашуға мүмкіндік бар
📚Таңдау пәндері: Биология + Химия
📊Шекті балл: 2024 жылы 50 болған.
🎓Алдыңғы жылы грант саны - 904.
🏔Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Пайдалы қазбаларды өндіретін ірі компанияларда, ғылыми институттарда тау-кен инженері, тау-кен технологы болып жұмыс істеуге болады. Бұл салада тәжірибе жинап, кейін өз консалтингтік инженерлік бюроңды ашуға болады.
📚Таңдау пәндері: Физика + Математика
📊Шекті балл: 2024 жылы 50 болған.
🎓Алдыңғы жылы грант саны - 1830.
🔋Электр техникасы және энергетика
Электрик маманы жұмыс тәжірибесі және білім деңгейіне байланысты әртүрлі дәрежелерге бөлінеді. Энергияға қатысты қауіпсіздік шараларын сақталуын қадағалайды. Жеке техникалық қызмет көрсету орталығын ашу, немесе жобалаушы-инженер ретінде тапсырыспен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
📚Таңдау пәндері: Физика + Математика
📊Шекті балл: 2024 жылы 57 болған, ауыл квотасымен - 50 балл.
🎓Алдыңғы жылы грант саны - 2190.
🧶Материалтану және технологиялар
Бұл мамандықты бітірушілер металл және бейметалдан жасалатын бұйымдарды өндіретін өндіріс технологы бола алады. Кейін өнеркәсіпке қажетті құрал-жабдықтарды өндіретін шағын цех ашуға да болады.
📚Таңдау пәндері: Физика + Математика
📊Шекті балл: 2024 жылы 50 балл болған.
🎓Алдыңғы жылы грант саны - 186
📌 Мамандықтардың шекті балы төмен болса, ол мамандық нашар деп ойлайтындар көп. Қате ой. Мамандықтың жақсы-жаманы жоқ. Әрқайсысы қоғамға пайдасын тигізеді. Әрқайсысы еліміздің дамуына өзінше үлес қосады.
Ал мамандыққа неғұрлым грант көп бөлінсе, соғұрлым елдегі сұранысы жоғары деген сөз. Неге жыл сайын инженерлік саладағы мамандықтарға грант көбірек бөлінеді? Себебі сол саланың мамандары елде тапшы. Сол үшін де көптеген компаниялар жақсы мамандарға жақсы еңбекақы төлеуге дайын.
💬 Жалғасы шыққанын қаласаң, төменге "жалғасы" деп жаза кет👇🏻




App Store
Google Play