- Қиындықты жеңудің алғашқы қағидасы - күйзеліске түсіп, байбалам салмау. Неге? Себебі құр уайымдап, қобалжу туындаған мәселені шешудің орнына, одан сайын ушықтыра түседі.
- "Патшалықты басқарғың келе ме? Онда алдымен өз-өзіңді басқарып үйрен" деген екен Публий Сир. Ал өзіңді басқарып үйрену үшін эмоционалды интеллектіңді арттырып, медитация жасауды әдетке айналдыр.
- Қиындықтың бәрін бірден шешуге ұмтылма. Оған күшің жетпейді. Дәл қазіргі уақыттағы сен үшін маңызды қиындықтарға көбірек мән беріп, бірінші солардың шешімін табуға тырыс.
- Ақылды адам өзі тап болған қиындықтарды өз пайдасына қарай шеше біледі. Ол қалай? Мысалы: сен жарақат алып, біраз уақыт бойы үйде емделуге тиіс болдың делік. Ендігіде бос уақытың көбірек болған соң осы мүмкіндікті өзіңді дамытатын кітаптарды оқуға немесе ҰБТ-ға дайындалуға пайдалансаң болады. Таяқтың екі ұшы болады. Мәселеге бір жақты емес, екі жақты қарап, өзіңе тиімді жағына назар аударуға тырыс.

App Store
Google Play