Сабағың нашар болса, оның себебін төменгі тізімнен табуың мүмкін:
- Мұғалімнің саған көзқарасы. Егер сен тәртібі нашар, гигиенаны ұстанбайтын, салақ оқушы болсаң, әрине, сені ешкім жақтыра бермейді.
- Уақытыңды дұрыс жоспарлай алмайсың. Кешке дейін достарыңмен қыдырып жүрсең, үй жұмысын жасап үлгермейтінің анық. Ал таңертең оны жазып үлгеруің екіталай.
- Сабақ үстінде сенің бар назарың басқа жақта лағып жүргенін мұғалім байқайды. Сен байқамайды деп ойлайсың, бірақ бұл айдан анық көрініп тұрады. Ең дұрысы, бар зейініңді бұрып, сабақты мұқият тыңдау.
- Істеу керек затты кейінге қалдырасың. Үй жұмысын сосын істеймін, сосын істеймін деп жүргенде қалай түн болып кеткенін байқамай қаласың. Сол күйі келесі күнге еш дайындықсыз барасың.
- Материалды түсінбей, жай ғана жаттап алуға тырысасың. Бұл сабақ оқудың ең тиімсіз тәсілі, себебі жаттанды ақпарат миыңда ұзақ мерзімге сақталмайды.

App Store
Google Play