- Зерттеулер нәтижесінде ми өнімді жұмыс істеуі үшін оған әрбір 40-50 минут сайын демалыс беріп отыру қажет екені анықталды. Ал егер ми мүлдем демалмайтын болса, ақпарат қабылдауы қиындайды. Зейін қоюы мен өнімділігі бірнеше есеге дейін төмендейді.
- Сабақ оқыған кезде оқу процесін жеңілірек ету үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға тырыс. Мысалы, мнемотехника, флэшкардтар және т.б. Түрлі техникаларды сабақпен байланыстыра білсең, оқу қызығырақ болады.
- Сабақ оқып отырып, параллельді түрде басқа жұмыстарды атқаруға тырыспа. Бұлай жасау арқылы уақытты құртасың. Я сабақты дұрыс ұға алмай қаласың, я жұмысыңды аяқтай алмай қаласың. Сондықтан бар зейініңді тек оқып жатқан нәрсеңе бөл.
- Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ми дұрыс жұмыс атқаруы үшін оған демалыс керек, содан соң ең маңыздысы - ұйқы. Түнде уақытылы ұйықтап, ал күндізгі уақыттарда бір-екі сағат тынығып алуды ұмытпа.

App Store
Google Play