Оқушы сабақ оқуы керек, ҰБТ-ға дайындалуы керек, үй шаруасына көмектесуі, ойнауы, демалуы, үйірмеге қатысуы, достарымен кездесуі керек. Оның бәріне қалай үлгереді?
Уақытты жоспарлаудан бұрын оның тиімді өтуіне мән беру керек. ҰБТ-ға дайындалуға 2 сағат бөліп, бірақ сол уақытта маужырап отырсаң, не пайда?
- Аптаның жоспарын жасау керек. Ол үшін бір апта ішінде істеу керек нәрсенің тізімін жаса.
- Қай іс қай салаға жататынын жаз (оқу, үйге көмек, ҰБТ, т.б.)
- Әр істі бітіру керек мерзімін жаз.
- Әр істі бітіруге кететін уақыт мөлшерін жаз.
- Енді қағазды жеті бөлікке, яғни аптаның жеті күніне бөл. Істерді іріктейміз
- Алдымен уақыты қатып қалған істерді жаз. Мысалы, мектеп уақыты, үйірме уақыты, ҰБТ сынақ тесті. Бұлардың уақытын сен өзгерте алмайсың.
- Әр күннің жоспарында демалуға, ұйықтауға уақыт қалу керек. 20-22 сағат ояу жүруге болмайды.
- Кейбір істер созылуы мүмкін. Сондықтан жоспар өте тығыз болмауы керек. Арасында бос уақыттар болуға тиіс.
- Бір іс бітпей қалса немесе орындалмай қалса, онда келесісін өз уақытында істей береміз.
- Енді жоспарды көрінетін жерге іліп қой. Оны жиі қарап, тексеріп тұр.
- Егер бір күн ішінде аз іс бітірсең, онда қай жерді өзгерту керек, қандай жағдайды тиімді болатынына талдау жаса.
- Ағзаң не деп жатыр, соны тыңда. Көп жұмыс істей бергеннен тиімділік азаюы мүмкін. Ұйқың кеп тұрса, мызғып ал.

App Store
Google Play